Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмірдің көп қорын беретін жаңа нысандардың құрылысын жүзеге асыруда

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментіндегі Тентекская, Күзембаев шахталарында жаңа екі көмір алу орнының құрылысы жүргізілуде. Бұл жоба өндірісті жеңілдетіп қана қоймай, саланың болашағын дамыту үшін өте маңызды.

"Тентекская" шахтасындағы жаңа көмір алу жерасты орны мен Күзембаев вентиляциялық шахтасы пайдалануға берілсе, кәсіпорынға кокстелетін көмірдің жаңа қабатын игеруге мүмкіндік артады. Одан бөлек, бұл қауіпсіздік ережелеріне сәйкес жаңа жер асты кен орындарын желдету үшін қажет.

"Тентекская" кенішіндегі бұл жоба 2017 жылдың соңында басталды. Одан кейін "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаменті "Шахтспецстроймен" жер асты жолы жұмыстарын жүргізуге келісім-шартқа отырды. Бұл жоба бойынша көмір өндірілетін орынның айналасында 36 ұңғыма бұрғыланды және сол арқылы мұздатқыш станциялардан кальций хлоридінің ерітіндісі жеткізілді. Ал сол жер астындағы су басқан сазды топырақтан тезірек, тиімді ары қарай өту үшін топырақты 80 метр тереңдікке дейін мұздату технологиясы қолданылды.

“Бұл жобалар компанияның көмір секторын дамыту үшін үлкен стратегиялық маңызға ие. Тіпті алдағы жүз жылға көмір өндіруге мүмкіндік аламыз деп айта аламын. Жоба бізден бөлек, Саран, Шахтинск қалалары үшін де жақсы мүмкіндік. Тентекская шахта жерасты жолы құрылысына жалпы инвестиция көлемі 113,31 млн долларды құрады. Қазір жоба жүргізілуде. Аяқталу мерзімі 2025 жылдың бірінші тоқсанында болады. Ал Күзембаев кенішінің жобасы үш кезеңге бөлінген. Инвестиция көлемі 16 миллион 180 мың долларды құрады. Жұмыстың басым бөлігі аяқталып тұр. Нысанды жоспарлы іске қосуды 2024 жылдың соңына жоспарлап отырмыз”,- деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Виктор Гафиулов.

"Бұл компания үшін маңызды жоба. Біліктің құрылысы D6 қабатында және Д1 қабатында қорларды ашуға мүмкіндік береді", - деп түсіндіреді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің бас маркшейдері Александр Шмидт.

Қазір жер үсті нысанын нығайту жұмыстары жүргізілуде. Ол мамыр айында аяқталады деп жоспарланған. Калориялық қондырғы өткен жылы іске қосылып, жұмыс желтоқсан айында аяқталған болатын. Орнату шахтаға жылы ауа беру үшін қажет.

"Қазіргі таңда "Шахтспецстрой" тресі жер үсті кешені нысандарының құрылысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде. Келешекте бұл алаңда тұрақты жүк көтергіш машина, тұрақты қада машинисі, қосалқы станция салынады. Мұның барлығы 2025 жылдың бірінші тоқсанына дейін болжануда”, - деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің инвестициялық жобасының менеджері Дмитрий Анисимов.

"Тентекская" шахтасының жаңа жер асты жолының жалпы тереңдігі 830 метрді құрайды. Оны қазатын біліктің өтуі кезінде -100, -220 және -340 метрлік горизонттарда үш рет кесу жұмыстары жүргізілді. Бұл нысанның құрылысының арқасында кеніштің болашағы зор болмақ. Себебі бұл жерден 30 миллион тонна кокстелетін көмірдің қоры табылуда. Демек бұл тұрақты жұмыс орыны болып, кеніш көп жылдар бойы дамиды деген сөз.

2018 жылдан бастап Күзембаев атындағы шахта К13 және К14 қабаттарының бойындағы жаңа блокты игеруді бастады. Бұл блокты қауіпсіз етіп, өндірілген көмірдің өнімділігін арттыру үшін кәсіпорынға орталық офсеттік желдету шахтасын салу қажет болды. Көмір департаментінде бұл нысан бойынша жұмыстар 2019 жылы басталды.

"Осы уақыт ішінде 35 киловольттық екі желі қосылған жоғары вольтты қосалқы станция секілді көп нысан салынды. Қазір негізгі желдеткіш құрылысын жүргізетін мердігер "ЦентрПромСтрой" серіктестігі тартылып, желдеткіш ғимаратының іргетасы мен кенішке іргелес болатын желдеткіш құбырын салу жұмыстары жүргізілуде”, - деді "АрселорМиттал Теміртау” АҚ Көмір департаменті Күзембаев атындағы шахта құрылысы басқармасының маманы Олег Гусев.

Бұл кешеннің жобасы сонау кеңес заманында 22 жыл бұрын әзірленіп, 560 метр тереңдікке өткізіліп, басталып қойған. Жұмыстың қазіргі кезеңінде су сорылып, жер астының жай-күйіне зерттеу жүргізілді. Жоба өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасынан өтті.

“Желдеткіштің құрылысы К13 және К14 блоктарын өңдеуге мүмкіндік береді. Мұнда 60 миллион тоннадан астам қор бар. Ал 50-жылдық тарихы бар шахтаның терең көкжиектерінің қорын ескерсек, бұл шамамен 105 миллион тонна болады”, - деп түсіндірді Олег Викторович.

Күзембаев атындағы шахтаның жаңа нысанындағы негізгі желдеткіш 2023 жылдың соңында іске қосылады деп жоспарлануда. Жоба бойынша жұмыстар 2024 жылы аяқталмақ.

“Екі жоба да маңызды әрі ауқымды. Оларды жүзеге асыру өндірісті ұстап тұруда, компанияның жұмыс өнімділігіне өзгелердің сенімдігін арттырады. Сондай-ақ, бұл нысандар барлық заманауи өнеркәсіптік қауіпсіздік стандарттары мен талаптарына сәйкес келетінін атап өткен жөн”, - деді Александр Шмидт.

STAN.KZ
Сейсенбі, 18 Сәуір, 2023 11:27