Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Армения мен Әзірбайжан тағы да бір-бірін оқ жаудырды деп айыптады: зардап шеккендер бар

Армения мен Әзірбайжан бір-бірін шекарада оқ жаудырды деп айыптады. Тиісті хабарламаларды екі елдің қорғаныс министрліктері таратты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

армения-әзірбайжанСурет: ВВС

Армения үш әскери адам қаза тапқанын мәлімдеді, Әзірбайжанда бір әскери қызметкер жараланды.

"28 қыркүйекте сағат 18.00-ден бастап Әзірбайжан қарулы күштерінің бөлімшелері Армения-Әзірбайжан шекарасының шығыс бағытындағы жауынгерлік позицияларға минометтер мен ірі калибрлі атыс қаруын қолдана отырып, оқ жаудырды. Армян тарапы жауап қайтаруға мәжбүр болды", - деп мәлімдеді Армения қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы.

Әзірбайжанның әскери департаменті Армения тарапынан атылған оқ салдарынан әскери қызметші жараланғанын айтты. 

"Атысты тоқтату туралы келісімге қарамастан, 28 қыркүйекте сағат 18.00-де Армения қарулы күштерінің бөлімшелері Әзірбайжан армиясының бөлімшелерін Кяльбаджар ауданының Алагелляр бағытында әртүрлі калибрлі атыс қаруларымен оқ жаудырды. Оқ ату нәтижесінде Әзірбайжан армиясының әскери қызметшісі Искендеров Ниджат Хидаят оглу жарақат алды", – делінген хабарламада.

Әзірбайжан әскери департаментінің мәлімдеуінше, болған оқиға үшін  жауапкершілік Арменияның әскери-саяси басшылығына жүктеледі.

Естеріңізге салайық, армян-әзірбайжан шекарасындағы жағдайдың шиеленісуі 13 қыркүйекте болғаны хабарланды. 14 қыркүйек күні кешке атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілген еді.

Талқылау