Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арамен кесіп алған: Дәрігерлер ер адамның екіге бөлінген қолын шабына тігіп берді

Ұлыбританияда ер адам арамен жұмыс істеп жатып, аңдаусызда білегін кесіп алған. Дәрігерлер оның екіге бөлінген қолын қалпына келтіру үшін, білегін шабына тігіп берді.

Арамен кесіп алған: Дәрігерлер ер адамның екіге бөлінген қолын шабына тігіп берді

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Daily Telegraph басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мамыр айында Суррей графтығында тұратын 46 жастағы Энтони Леллиотт еденді жөндеп жатып, сол жақ білегін арамен кесіп алған. Осылайша, оның бас бармағы, сұқ және ортаңғы саусақтары кесіліп кеткен. Артынша ол Лондонның оңтүстігіндегі Әулие Георгий ауруханасына жеткізіледі. 

Дәрігерлер ер адамның білегін қалпына келтіру үшін, оның ортаңғы саусағын құрбан етуді жөн көріпті. Себебі оның сезімталдығы мен тұрақтылығы төмендеген. 

Медицина қызметкерлері ер адамның сүйегі мен терісін зақымдалған білегін қалпына келтіру мақсатында пайдалануда жоспарлаған. Ал жетпей қалған теріні пациенттің шабынан алыпты. Ер адамның ота жасалған жері жаңа терімен жабылуы үшін, оған пациенттің білегін тігіп қойған. Арада екі апта өткеннен кейін дәрігерлер ер адамның білегі мен шабын бір-бірінен ажыратып алып, артынша саусақтарын қалпына келтіруді тәмамдапты. 

Аталған ота 17 сағатқа созылған. Пластикалық хирург Роджер Адлард бұл оқиғаны өз мансабындағы ең ауыр жағдай деп атады.

«Көптеген хирург мұндай жарақатты емдеуге болмайды деп ұйғаратын еді», - дейді ол.

Талқылау