Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әр жерге қоқыс тастайтындарға қанша айыппұл салынады?

Кез келген жерге қоқыс тастауға болмайтынын біле тұра ережені бұзғандарға ендігіде айыппұл салынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

қоқыс

Полиция қаланың кез келген жеріне тасталған қоқысты анықтайтындарын хабарлады. Полиция инспекторлары әкімшілік аумақты айналып өту және жергілікті рейдтер кезінде тұрғындар оларға қоқысқа байланысты шағымдарын айтатын көрінеді. Немесе осы мәселемен «102» және «Бірыңғай анықтама қызметі 109» нөміріне хабарласып жатады екен. 

«Тұрғын үй кешендері мен қала сыртына қоқыс тастаса, жасыл алаңдарды бүлдіріп, көзін жойған жағдайда жеке тұлғаға 20 мың теңге айыппұл салынады. Ал, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 30, орта кәсіпорындар үшін - 40, ал ірі кәсіпорындар үшін - 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Әкімшілік жаза алғаннан кейін де келесі жылы егер осы жағдай тағы да қайталанса, онда екі есе айыппұл төлейтін болады», – делінген хабарламада. 

Нұр-Сұлтан аумағында қоқыс (құрылыс, тұрмыстық және т.б. заттар) Алаш тас жолындағы Эко-Полигон Мемлекеттік жобалау комитетінің аумағына шығарылуы керек.
 

Талқылау