Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Апат: Алматыда жолаушылар автобусы мен жүк көлігі бетпе-бет соғысты (фото)

Алматыдағы Первомайский елді мекенінде жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты, зардап шеккендер мен қайтыс болған адам бар.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Жол апаты Вокзальной көшесінде №1-үйге қарама-қарсы жерде орын алған. Вокзальный көшесі бойымен қозғалып бара жатқан автобус, белгісіз себептермен қарсы беттегі жол қозғалысына шығып кетіп, “МАЗ” жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысады.

Соқтығысу салдарынан автобус жүргізушісі көліктің ішінде қысылып қалып, “жедел жәрдем” келгенше, оқиға орнында қайтыс болады. Оған қоса, бес адам зардап шеккен: жарақаттанған төрт жолаушы ауруханаға жатқызылды, “МАЗ” жүк көлігінің жүргізушісі басынан соққы алғанымен, ауруханаға барудан бас тартқан.

Оқиғаның мән-жайын Алматы қаласының полициясы анықтайды.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда ер адам тамағы орылып қансырап жатқанда өзін емханаға жеткізген джиптегі үш жігітті іздеуде (фото)

Өскеменде 2 жасар бала өртенген үйден шыға алмай мерт болды

Немересін бауыздап өлтірген нағашы атасы мастықпен шошқа сойып жатырмын деп ойлаған

Қарағандыда әскердегі сарбаз жерлесін ұрып өлтірді

STAN.KZ
Сейсенбі, 10 Қазан, 2017 06:45
Талқылау