Алматыда ер адам тамағы орылып қансырап жатқанда өзін емханаға жеткізген джиптегі үш жігітті іздеуде (фото)

Алматыда жол апатынан зардап шеккен азаматтың туыстары ақ көліктегі жас жігіттерді іздестіріп жатыр.

Таиржан Audi көлігімен ағасы мен әйелі үшеуі үйіне қайтып келе жатады. Ол кері айналмақ болып жол бойында күтіп тұрады. Осы кезде ағасы артынан қатты жылдамдықпен келе жатқан көлікті байқайды. Жылдам келе жатқан көлік қатты соғылады. Ер адам ес-түсін жинай алмай тұрғанда киіміне тамағынан қан ағып тұрғанын байқайды, деп хабарлайды patrul.kz.

«Мен қатты соғылдым. Артқы терезеден ұшып түстім. Мені қайтадан көлікке отырғызды. Сол кезде тамағым жырылып кетті», – дейді Таиржан.

Есін жоғалтқан ол көшедегілерден өзін емханаға жеткізуді сұраған. Бірақ оған ешкім қарайласпаған.

«Тамағымнан қан қатты ағып тұрды. Мен көліктен шықпақ едім, есік ашылмады. Көліктің түтіндеп жатқанын байқадым. Ағамнан көмектесуін сұрадым. Ол есікті сындырып, менңі шығуыма көмектесті. Айналаға адам толып кетті. Олар менің жедел жәрдемді күтуім керектігін айтты. Бірақ қан көп кетіп жатқандықтан менің оларды күткім келген жоқ. Тезірек емханаға жеткім келді. Бірақ ешкім мені апара қойған жоқ. Бір кезде Toyota көлігі келіп тоқтады да үш жігіт түсті. Мен олардан емханаға жеткізуін сұрадым. Олар  мені тез арада емханаға жеткізді. Кейін дәрігерлер мені қабылдағанша күтті де, соңынан қайтып кетті. Мен олардың есімдері кім екенін де білмеймін. Олармен кездесіп, алғысымды айтқым келеді», – дейді Таиржан.

Дәрігер зардап шегушінің ағасына жағдайы өте ауыр болғанын, сәл кешіккенде және жарақаты бір миллиметрге терең болғанда көз жұмуы мүмкін екенін айтқан.

«Қазір жарақат орны жазылып қалды. Өзімді жақсы сезінем. Ол балаларды құдайдың өзі жіберді. Олардан бөлек көп адам тоқтады, көп көлік те болған еді. Бірақ олардың ешқайсысы мені емханаға жеткізуге келіспеді. Мен көпшіліктен жедел жәрдемді күте алмайтынымызды, олар келгенше ініммен айырылып қалуым мүмкін екенін айтқан едім», – дейді Таиржанның ағасы.

Жантүршігерлік жол апатынан аман қалған жігіт өзін құтқарған азаматтардан хабарласуын сұрайды. Олармен кездескісі келетінін айтты.

Тағы да оқыңыз:

Күйеуінен бала көтерген жүкті ер адам табылды

Атамбаев Қазақстан билігін президент сайлауы процесіне араласуына қатысты айыптады

Танымал бизнесмен қалыңдығының көзіне шөп салған видеосын көрсетіп той үстінде масқара қылды

Немересін бауыздап өлтірген нағашы атасы мастықпен шошқа сойып жатырмын деп ойлаған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
25.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар