Әнші Тоқтар Серіковтың анасы дүниеден өтті
Қазақстандық танымал әнші Тоқтар Серіковтің анасы Маруся Назарбекқызы қайтыс болды. Қаралы хабарды әншінің досы Сәкен Майғазиев жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Тоқтар досым, АЛЛА анамыздың алдынан жарылқасын. Сіздердей алтын асықтай ұлдар, инабатты қыздар тәрбиелеген аяулы анымызға Фирдаус Жәннәт нәсіп болғай. Исі қазақ қайғыңа ортақ. Бекем бол, Тоқабай", - деп жазды Instagram-парақшасында Сәкен Майғазиев.
Әншіге өнердегі өзге де әріптестері мен журналистер көңіл айтып жатыр.
- "Шешемді қазірден қимаймын": Тоқтар Серіков Ерке Есмаханды жылатты
- Тоқтар Серіков: Әкемді сағынғанда балаларымнан тығылып жылаймын
- Тоқтар Серіков: Үлкен беделді азаматтар менен талай Бейбітті сұрап, таныстыршы деп өтінген кездер болған
Желі қолданушылары да Тоқтар Серіковке сабыр тіледі.
Әншінің жары Бейбіт Сейдуалиева отбасында болған қайғыны Instagram-ға қара сурет жариялап естіртті.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін