Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық ғалымдар АИТВ-ны емдеуде революциялық жаңалық ашты

Америкалық ғалымдар АИТВ-ны емдеуде генді өңдеу технологиясын қолданып, революциялық жаңалық ашты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail-ге сілтеме жасап.


АҚШ-тағы Солтүстік-Батыс университетінің зерттеушілері вирустың негізгі бөліктерін (ол қан жасушаларына жұғып, көбею қасиетіне ие) анықтау үшін гендерді өңдеу CRISPR технологиясын қолданды. 

Ғалымдар вирустың ауру тудыру қасиетінде үлкен рөл атқаратын 86 генді сәйкестендірді. Олардың ішінде кемі 40 геннің АИТВ-ні тудырудағы рөлі зерттелмеген. Ғалымдар жақында анықталған гендерді дертті зерттеудің жаңа жолы деп сипаттады. 

"Бірінші қадам - қандай гендердің маңызды екенін анықтады. Ендігі қадам олардың маңыздылығының себебін түсіну. Біз бір ғана генді түсіну үшін ондаған жылдар бойы зерттеу жасаймыз, ал бұл зерттеу олардың көп түрін анықтады", - деді дәрігер Джадд Халквист.



Зерттеушілердің сөзінше, олардың мақсаты АИТВ-ны емдеудегі бар олқылықтың орнын толтыру болған. Олар гендерді редакциялау терапиясын құруды жоспарлап отырған жоқ. 

Қазіргі уақытта АИТВ вирусын жұқтырған адам вирустың көбеюін тоқтататын антиретровирусты препараттан жасалған коктейльді тұтына алады.Алайда бұл дәрілердің кез-келгенін бөлек қабылдаса, уақыт өте келе ол АИТВ-ға әсер етпейді.

Айта кетейік, бұған дейін әлемде ең алғаш рет әйел адамның АИТВ-ден жазылып шыққанын жазған едік. 
 

Назгүл Әбушәріпқызы
Сәрсенбі, 20 Сәуір, 2022 12:51
Талқылау