Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы түнгі клубта есірткі табылды

түнгі клуб

Фото: Pixabay.com

Алматыдағы элиталық түнгі клубта есірткі саудасы тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері тергеу операциясы кезінде есірткі саудасын құрықтады.

 

"Сотқа дейінгі тергеу аясында Медеу ауданындағы элиталық түнгі клубтың қызметкері гашиш сатқаны үшін ұсталды", – деп мәлімдеді департамент.

Сондай-ақ мекемені тінту кезінде ұнтақ қалдықтары мен ақ зат салынған сыдырмалы пакет табылды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Еске салсақ, Ұлытау облысында есірткі тасымалдаған 5 адам ұсталды.  Олардан 300 келіден астам марихуана табылды. 

Қырмызы Скендирова
Сенбі, 11 Сәуір, 2026 17:19