Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда актриса жол апатынан мерт болды: Gelandewagen-нің қашып кеткен жүргізушісі ұсталды

Алматы полициясы 29 желтоқсанда адам өліміне алып келген жол апатын жасады деп күдіктеліп отырған жүргізушіні ұстады.

Шолпан Елгезекова

Бұл туралы  Sputnik Қазақстанға  сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бұған дейін хабарланғандай, жол-көлік оқиғасының салдарынан танымал актриса Шолпан Елгезекова көз жұмды. Сондай-ақ, актриса Айзада Сатыбалдиева аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр.

«Күдікті ұсталды. ҚР ҚК 345 (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және 347-баптарына (Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – дейді қалалық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.

Айта кетсек, желіде актрисаның өліміне алып келген жол апатының видеосы пайда болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау