Алматы облысында көлік жылқыларды қағып, денелерін бөлшектеп тастады (видео)
Алматы облысында қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік жылқыларды соғып өтіп, жануарлардың денесін бөлшектеп тастады.

Бұл туралы patrul.kz хабарлайды.
Жол апаты Ұйғыр ауданының маңындағы Ақсай-Шонжы-Көлжат авто жолында болған. Audi A6 көлігі шығыс бағытта келе жатқан екен. Жүргізуші жол бойында тұрған жылқыларды байқамай қалған.
Ауыр соққының салдарынан жануарлардың денесі бөлшектенген. Ал көліктің алдыңғы бөлігі қатты майысқан. Тек жылқылар емес, жүргізуші мен оның екі жолаушысы да зардап шеккен. Олар шұғыл Шонжы ауылының ауруханасына жеткізілді.
Жіберіп алмаңыз:
Алматыда анасының абайсыздығы салдарынан баланы көлік қағып кетті
Талғар тұрғыны күйеуін орындықпен ұрып өлтірді
"Төсек салып жатқызайық, содан кейін өзі-ақ қалады": Алып қашу құрбаны болған қазақстандықтардың жантүршігерлік оқиғалары
Алып қашуға көмектескендердің бәрі де қылмыстық жауапқа тартылады дейді заңгер
"Өз жолын өзі қирататындай әрекетке барады деу логика сыймайды": Федерация президенті Жәнібек Әлімханұлының ендігі тағдыры не болатынын айтты
Рахимжан Ерденбеков: "23 қаңтардағы жиын сот емес, эмоциялық пікірталас та емес"