Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда жоғалып кеткен таксист әйелдің мәйіті табылды

Қарағанды маңындағы Ақтас елді мекеніндегі такси қызметінде жұмыс істейтін әйелдің денесі бүгін қала шетіндегі саяжайдан табылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

28 жастағы Юлия қызметіндегі соңғы тапсырысты такси қызметінің диспетчерінен алған.

«Кеше, 27 қазанда, біздің диспетчерлік қызметтің кеңсесіне бірнеше жігіт келді. Біреуі кеңсеге кіріп, қалғаны сыртта күтті. Олар Шахтинск қаласына жеткізіп салатын көлік сұрады.  Бұл кезде Юлия Стонкустың тапсырыс қабылдайтын кезегі еді. Ол жігіттерді «Мерседес» көлігіне отырғызып, жолға шықты. Одан кейін Юлияны көрмедік. Байланысқа шыққан жоқ. Ұялы телефоны сөндірулі болды», – дейді диспетчер.

27 қазанда  таксист әйел кезекті тапсырыстан қайтып оралмаған. Бүгін, 28 қазанда, оның мәйіті Қарағанды маңындағы Федоровка саяжайларының аумағынан табылды. Әйелдің басы қатты жарақат алған. Алдын ала болжамдар бойынша, әйелдің басынан қатты затпен ұрған.

«Іс ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлімі) бойынша тергеліп жатыр. Қылмысты ашу мақсатында шұғыл тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады Қарағанды облысы прокуратурасының қызметкерлері.

Марқұмның соңында 2 жасар ұлы қалды.

Жіберіп алмаңыз:

Семейде газ баллонын сіріңкемен тексеріп көрмек болған қарт адам алапат жарылыс жасады

Петропавлда көктайғақтың кесірінен екі күнде жүзден астам адам зардап шекті

Атырауда салафилер 2 оқушы қызға үйленіп «талақ» айтып тастап кеткен

Кириллицада жазылған мәтінді жаңа қазақ әліпбиіне автоматты түрде аударуға болады

Талқылау