Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда анасының абайсыздығы салдарынан баланы көлік қағып кетті

Алматыда жаяу жүргінші өтуге болмайтын жерден анасымен бірге жүгіріп өтпек болған баланы жеңіл автокөлік қағып кетті, – деп хабарлайды patrul.kz.

19 жастағы жүргізуші тізгіндеген Mercedes автокөлігі Құлжа тракті бойынша батыс бағытта жүріп бара жатқан. Жүргізуші қараңғыда жолдан жүгіріп өтпек болған әйел мен баланы байқамай қалып, 6-7 жастағы ұл бала көлік астына түсті.

«Біз айналма жол жақтан ақырын келе жаттық. Алдымыздан балалы әйел жүгіріп шықты. Көлікті байқаған әйел бірден артқа шегінді. Ал бала алға қарай жүрді. Оны анасы өзіне қарай тартып қалғанда, әбден кеш болған еді. Бала көліктің арғы бетіне ұшып түсті», – дейді жол-көлік оқиғасы қатысушыларының бірі.

Әйелден неліктен баламен бірге жаяу жүргінші өтуге болмайтын жерден өткені сұралғанда, ол «бәрінің солай өтетінін» айтқан.

Оқиға орнына келіп жеткен дәрігерлер баланың жағдайын тексеріп, анасымен бірге жақын маңдағы ауруханаға алып кетті.

Жіберіп алмаңыз:

Талғар тұрғыны күйеуін орындықпен ұрып өлтірді

Астанада 20 жастағы қыз жетінші қабаттан құлап кетті

Қарағандыда жоғалып кеткен таксист әйелдің мәйіті табылды

Семейде газ баллонын сіріңкемен тексеріп көрмек болған қарт адам алапат жарылыс жасады

Талқылау