Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада 20 жастағы қыз жетінші қабаттан құлап кетті

Астанада 20 жастағы қыз тұрғын үйдің жетінші қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«27 қазан күні сағат 12:40-та Қабанбай батыр даңғылындағы көп қабатты үйдің кіреберісіне жетінші қабаттың балконынан 20 жастағы қыз құлап кетіп, сол жерде көз жұмды», – деп жазылған қалалық ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тексеріс жүргізіліп жатыр.

«Қыз бұл үйде туыстарымен бірге тұрғаны белгілі болды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп толықтырды полицейлер.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағандыда жоғалып кеткен таксист әйелдің мәйіті табылды

Семейде газ баллонын сіріңкемен тексеріп көрмек болған қарт адам алапат жарылыс жасады

Петропавлда көктайғақтың кесірінен екі күнде жүзден астам адам зардап шекті

Атырауда салафилер 2 оқушы қызға үйленіп «талақ» айтып тастап кеткен

Талқылау