Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтарға жалған пәтер сатқан әйел ұсталды

Алматыда 57 жастағы әйел адам өзін “банк қызметкері” ретінде таныстырып, халықтан ақша жымқырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

мошенникСурет: Polisia.kz

Азаматша арзан кепілмен үй алып беремін деп, талайды сан соқтырған. Алматылықтарға жалған пәтер сатумен айналысты. Қазіргі таңда алаяқтың келтірген залалы 25 миллион теңгені құрайды. 

Алматы ПД Тергеу басқармасының бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлының айтуынша, күдікті мұндай әрекетпен  2012-2013 жылдардан бастап айналысқан.

“Құқық бұзушы өзін банк қызметкерімін деп, өзгелерге кепілдік үшін белгілі бір соманы төлеуді талап еткен. Бір бөлмелі пәтерге 17 мың доллар, үш бөлмелі пәтер үшін 70 мың доллар сұратқан. Ақшаны алған соң, ол хабар-ошарсыз жоғалып кеткен. Осылайша күтуден жалыққан жандар амалсыз полицияға жүгініп, алданғандарын түсінді”, – дейді Мұхамедәлі Сейсенұлы.

Тергеу қызметкерінің айтуынша, алаяқ 2014 жылы осы тектес қылмысы үшін жазаға тартылған.


 


“ҚР ҚК 190-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу барысында ұсталған азаматшаның төрт қылмыстық әрекетке қатысы бар екені анықталды. Алаяқтан жапа шеккен барлық адам табылған соң, залалдың жалпы сомасы белгіленеді”, – деп түсіндірді тергеуші.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды.

 

Талқылау