Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтарға парктер мен тауларға шығуға тыйым салынды

14 шілдеден бастап демалыс күндері Алматыда ұлттық саябақтардың аумағына кіруге тыйым салынады. Бірақ жаяу және велосипедпен серуендеуге жұмыс күндері рұқсат, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

парк

Алматы қаласы әкімдігі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты және коронавирустың одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында, 14 шілдеден бастап күшейтілген карантиндік шаралар аяқталғанға дейін ұлттық парктер, танымал туристік және тау нысандары (Медеу, Бутаковка, Алма-Арасан және т.б.) аумағына көліктің кез келген түріне кіруге тыйым салынғанын хабарлайды.

Сонымен қатар, жаяу және велосипедпен серуендеуге тек жұмыс күндері келесі ережелерді сақтай отырып рұқсат етіледі:

- тамақ өнімдерін (сусындардан басқа) алып жүруге, пикниктер жасауға және от жағуға үзілді-кесілді тыйым салынады;

- Саябақ аумағында үш адамнан астам топпен жүруге тыйым салынады;

- санитарлық және әлеуметтік қашықтық нормаларын сақтау (маска тағу және адамдар арасындағы қашықтықты сақтау).

Демалыс күндері (сенбі және жексенбі) ұлттық парк аумағы келушілер үшін жабық. Карантиндік шаралардың сақталуын бақылау ТЖД, құқық қорғау органдары, СЭС және ұлттық парк қызметкерлерімен бірлесіп жүзеге асырылатын болады.

Жоғарыда көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда тәртіп бұзушылар ұлттық парктің аумағынан шығарып жіберу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тұрғындардан карантин кезінде тауға баруды сұраймыз.

Талқылау