Алматылық өрт сөндірушілер наразы топтың бөгет жасауына қарамастан, жанып жатқан ғимараттан адамдарды алып шыққан (видео)
Алматының өрт сөндірушілері Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің жанып жатқан ғимаратынан адамдарды құтқарып жатқан сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қиын жағдайға, наразылық білдірушілердің ашу-ызасына және қорқынышқа қарамастан, өрт сөндірушілер жанып жатқан ғимаратқа келді. Ғимараттағылардың өз бетімен сыртқа шыға алмайтындары белгілі болды, олардың кейбіреулері ғимараттың үстіне шығып кеткен. Наразы топтың кедергі келтіруіне қарамастан, өрт сөндірушілер адамдарды құтқара бастады. Нәтижесінде 27 адам құтқарылып, 35 адам эвакуацияланды", – деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
- "Отшашу көргісі келген": Алматыда 12 жастағы баланың өлімі жайлы ағасы айтып берді
- Алматы облысы әкімінің орынбасарын тәртіпсіздік кезінде ұрып кеткен
Ведомство хабарлауынша, құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін митингке шыққандар өрт сөндірушілердің өздерін сол ғимаратта жауып, өрт қойған. Дегенмен құтқарушылар ғимараттағы су құбырының көмегімен отты сөндіріп, сыртқа шыға алған.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған