"Отшашу көргісі келген": Алматыда 12 жастағы баланың өлімі жайлы ағасы айтып берді
Алматыда 12 жастағы баланың өлімі жайлы ағасы айтып берді. Жеткіншек оқ дыбысын отшашумен шатастырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме беріп,

Оқиға 5 қаңтарда 20:30-да болды. Бала дүкенге анасымен, тәтесімен және ағасымен бірге шыққан. Олар ішке кіргізбегендіктен, азық-түлік дүкенінің жанында тұрған.
"Біраз уақыттан кейін атыс басталды. Сұлтан (қайтыс болған інісі) бұл отшашу деп ойлап қалып, оны телефонға түсірмек болды. Өстіп тұрғанда оқ желке тұсына тиді. Әуезов АІІБ шатырынан оқ атты.
Үлкендер көліктердің артына тығылып, ағасы Сұлтанға қарай жүгірмек болған анасын ұстап қалған. “Ол жерде шамамен 15 минут жатты, өйткені атыс кезінде жанына ешкім бара алмады. Содан кейін біз оны алып кеттік, бірақ оның жүрегі тоқтап қалған екен", – деді ағасы.
Туыстары полицияға арыз жазды.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады