Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық дәрігерлер өкпесінің 96%-ы қабынған әйелді өлімнен аман алып қалды

Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының дәрігерлері он күннен астам уақыт бойы ауыр коронавирустық инфекциямен, екі жақты пневмониямен ауырған 56 жастағы  тұрғынының өмірін аман алып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматыда 7 жасар қыздың омыртқасынан оның паразит-егізі ота арқылы алынып тасталды

Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы ауруханаға түскен кезде өте ауыр болған.

"Өкпенің КТ тексеру кезінде өкпенің екі жақты полисегменттік зақымдануын көрсетіп, аумағы 96% құрады. Осының бәрі екінші дәрежелі артериялық гипертониямен асқынған. Науқас бірден реанимация және қарқынды терапия бөліміне ауыстырылды", - деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы.

Он күн бойы орталық қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері барлық қажетті медициналық көмек көрсете отырып, оның өмірін аман алып қалуға тырысты. Ол үшін барлық мүмкін болған ресурстар пайдаланылды: оттегі беретін аппараттар, тамшылатқыш және басқа да құралдар. Дәрігерлердің еңбегі еш кетпеді. Жақында науқастың беті бері қарап, жансақтау бөлімінен шығарылды. 

"Бүгінгі таңда пациент өзін жақсы сезінеді, бақылау тексерулерінен кейін учаскелік дәрігердің бақылауына ұсынылды", - деді бас дәрігердің міндетін атқарушы Гүлнар Құлқаева.

Ауыр дерттен жазылып шыққан әйелдің өзі бұл жағдайды ғажайыпқа балады. 

"Мен дәрігерлерге, медбикелерге және санитаркаларға өте ризамын. Олардың мен үшін жасаған істер үшін, маған екінші өмір сыйлағаны үшін мың алғыс!"- дейді ол.

Талқылау