Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы субұрқақта болған қайғылы жағдай: Зардап шеккен әйел ауруханадан шығарылды

Алматы циркінің жанындағы субұрқақтағы электр тоғынан зардап шеккен әйел ауруханадан шықты. Бұл туралы мегаполистің қоғамдық денсаулық басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Орталық қалалық клиникалық аурухананың қабырғасынан науқас 30 маусым күні шыққан.

"Науқас кеше үйіне шығарылды, ол барлық қажетті медициналық көмекті толық көлемде алды, жағдайы тұрақты", – деп хабарлады Қоғамдық денсаулық басқармасы.

Одан әрі бақылауды тіркелген жері бойынша емхананың дәрігерлері жүргізеді.

Еске сала кетейік, 20 маусымда Алматы циркінің жанындағы субұрқақта төтенше жағдай орын алды. Суда қалған екі бала мен әйелді электр тогы соқты.

Оларға көмекке бірінші болып 19 жастағы студент Абылай Балапанов барды. Жігіт бірінші әйелді алып шықты. Абылайдың өзін де тоқ соқты. Кейін тағы бір ересек ер адам көмекке келді.

Кейін Абылай Балапанов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы атынан марапатталды.

Жас жігіт құтқарған қыздар 25 маусымда ауруханадан шығарылды.

Талқылау