Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы субұрқақта болған оқыс оқиға: Зардап шеккен қыз аураханадан шықты

Алматыдағы субұрқақта электр тоғының соғуынан зардап шеккен сегіз жасар қызды ауруханадан шығарды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"19 маусымда түскен сегіз жасар қыз жағдайы жақсарып, бүгін шықты. Одан әрі оны үйде бақылайтын болады", - деді "Балаларға шұғыл көмек көрсету орталығы" бас дәрігерінің орынбасары Алуа Жексенова.

Сондай-ақ дәрігер екі қыздың жағдайы туралы айтты.

"Шығару кезінде екі қыздың да жағдайы қанағаттанарлық. Ешқандай шағым жоқ. Түскен кезде оларға электр жарақаты, екеуінде де бірінші дәрежелі күйік диагнозы қойылды", - деп түсіндірді Алуа Жексенова.



Еске салсақ, бұған дейін Алматыда субұрқақта үш адамның тоққа түскені айтылған еді.  Куәгерлердің айтуынша, көмекке 19 жастағы студент Абылай Балапанов барған. 40-50 жастағы ер адам да көмектесті.

Бұл жағдай туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев пікір білдірді. 

Мемлекет басшысы ерлік көрсеткен Абылай Балапановты марапаттады.

Талқылау