Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы курсант өлімі: Ата-аналар ІІМ-нің басқа да академияларындағы бопсалаушылықды мәлімдеді

Алматыдағы ІІМ академиясында асылып өлген 19 жастағы курсант Саламат Өтегеновтің анасы ұлының қазасы туралы мақала жарияланғаннан кейін оған басқа академия курсанттарының ата-аналары хабарласа бастағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Уральская неделя" газетіне сілтеме жасап.

Әйелдің айтуынша, ата-аналар өзге оқу орындарындағы дбәл осындай бопсалау мен қысым туралы мәлімдеген.

"Ұлым туралы мақала жарияланғаннан кейін маған WhatsApp-та ІІМ академиялары курсанттарының екі ата-анасы жазды. Олар балаларының қай академияда оқитынын айтпады, бірақ жазғандардың бірі "баласы қысым салдарынан ІІМ академиясынан кетті" деді. Екіншісі баласы оқып жатқан академияда да курсанттардан қаражат жинау фактілері болғанын жазды", - деді Бекзат Иманғалиева.

Басылым әйелге жазған ата-аналар аты-жөнін атамауды қалағанын және журналистермен сөйлесуге келіспегенін атап өтті.

Еске сала кетейік, Ішкі істер министрлігінің Алматыдағы академиясында қайғылы жағдай 13 желтоқсан күні болған. Академия қызметкерлері Саламат Өтегеновтің денесін асылып тұрған жерінен шешіп алыпты. 

Марқұм өлер алдында ағасынан қомақты қаржы сұрапты. Курсанттың туыстары мекемеде үнемі ақша бопсалайтыны туралы мәлімдеді.

Мақала жарияланғаннан кейін келесі күні  Алматы ІІМ академиясының бастығы Өмірбай Смайылов қызметінен босатылды. Онымен бірге тағы алты қызметкер жұмыстан кетті. Оқу орнын тексеру үшін министрліктің ішкі аудит, кадр саясаты және өзіндік қауіпсіздік департаменттерінің қызметкерлері жіберілді. Келесі жылдың басынан бастап ІІМ-нің барлық оқу орындарында осындай тексерулер жүргізуге уәде берді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр