Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы крематорий құрылысын аяқтау мерзімі тағы кейінге шегерілді

Алматыдкағы крематорийдің құрылысы 2021 жылдың соңына дейін аяқталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы брифингте Алматы қалалық жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев мәлім етті.

"Объектіні крематорий демейміз. 2020 жылы патологиялық бюроны пайдалануға бердік. Ол ЖЭО-2-нің оңтүстігінде. Бұл нысан осы патологиялық бюроның бөлімшесі, оның функционалдық мақсаты биологиялық және медициналық қалдықтарды кәдеге жарату", - деді Сапар Нұрашев.

Спикер қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының аяқталуға жақын екенін қосты.

"Нысан ішінде қондырғыларды іске қосу-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Чехиядан құрал-жабдықтар әкелінді. Қазір өндіруші компанияның өкілдері келіп, монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп түсіндірді Сапар Нұрашев.

Қазақстанның астанасында крематорий салынады

Ол нысан 2021 жылдың соңына дейін аяқталады деп сендірді.

Бұған дейін Сапар Нұрашев медициналық қалдықтар мен марқұмдардың денелері өртенетін крематорий құрылысын аяқтап, пайдалануға беру 2021 жылдың қыркүйегіне жоспарланғанын хабарлаған болатын.

Оның айтуынша, пандемия кезінде медициналық маскалар, костюмдер, сөмкелер, таңғыштар, шприцтер, ПТР сынақтарын алып тастауға арналған құралдар және т.б. сияқты аса қауіпті биологиялық қалдықтардың саны көбейген. Крематорий ЖЭО-2 жанында орналасады.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 28 Қазан, 2021 19:08
Талқылау