Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Гагарин даңғылы бойындағы ағаштарды рұқсатсыз кесіп тастаған

Алматыда рұқсатсыз ағаш кескендерге әкімшілік хаттама толтырылып, орнына 150 дана жапырақты ағаш отырғызу міндеттелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, мекеме Гагарин даңғылы 80 мекенжайында ағаш кесуге рұқсат берген жоқ.

"Осы факт бойынша Алматы қаласы полиция департаменті қызметкерлерімен бірге оқиға орнына бардық. Тексеру барысында 3 теректің бұтасын отап тастау фактісі анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзу туралы кодексінің 386-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, 150 дана жапырақты ағаш отырғызу бойынша кепілдік міндеттеме алынады",- деп хабарлады басқармадан.

Белгілі болғандай, ағаштарды кесуге тапсырысты жоғарыда көрсетілген мекенжайда медицина орталығының құрылысын жүргізіп жатқан азамат Б.К. Бекмусаев берген.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 20 Шілде, 2022 22:03
Талқылау