Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жолды жауып тастаған тұрғындар жауапқа тартылды

Алматыда көшені жауып тастаған River Park тұрғын үй кешенінің тұрғындары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz. порталына сілтеме жасап.

Полицияның ақпаратынша, кеше Алматыда "River Park" тұрғын үй кешенінің тұрғындары жылу қосуды талап етіп, Мақатаев көшесін жауып тастаған.

"Бұл әрекеттер қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу, жол жүрісіне кедергі келтіру, сондай-ақ полицейлердің заңды талаптарын орындамау болып саналады. Бұл жағдайды тұрғындар тиісті органдармен және қызмет көрсететін ұйымдармен заң аясында, сондай-ақ митинг ұйымдастыру туралы заңның талаптарын сақтай отырып, оны алдын ала жергілікті атқарушы органға хабарлау арқылы шешуі қажет болатын. Осылайша бұл азаматтар қоғамдық тәртіпті бұзып, басқа азаматтарға қолайсыздық туғызды", - деп мәлімдеді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Осыған байланысты полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін 4 азаматқа қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 667-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Тағы тоғыз адам көлік қозғалысына кедергі жасағаны үшін Кодекстің 614-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Комитет төрағасы заңсыз наразылық акцияларын ұйымдастыру және өткізу әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Еске сала кетсек, кеше Алматыда "Корпорация Арт Медиа" компаниясы салған River Park тұрғын үй кешенінің тұрғындары өз пәтерлерінде жылу жоқтығын айтып, көшеге шықты. Наразылық білдірген азаматтар жылудың аздығына шағымданып, Мақатаев көшесін жауып тастады.

Тұрғындар екінші жылу пунктін орнатуды талап етеді, өйткені қолданыстағы қондырғы тек 2 блокқа есептелген және тұрғын үй кешенінің үшінші және төртінші блоктарына қосылған. Олардың ауданы алғашқы екеуінен үлкен.

Электр проблемалары: тұрғындар үй газға арналған деп мәлімдейді, бірақ газ жүйесі әлі қосылмаған. Газ болмаған соң электр құрылғыларын пайдалану электр желісінің шамадан тыс жүктелуіне апарып соғуы мүмкін.

Талқылау