Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жасөспірім қашып кеткен интернаттың директоры жұмысынан босатылды

Жасөспірім қашып кеткен Алматы мектеп-интернатының директоры қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда жасөспірім қашып кеткен интернаттың директоры жұмысынан босатылды

«Соқыр және нашар көретін балаларға арналған Островский атындағы №4 арнайы (түзету) мектеп-интернатының директоры Р.Б.Нұрахметов қызметінен босатылды», - деп хабарлады Алматы қаласының білім басқармасы.

Бұған дейін 15 жастағы жасөспірім Дамир Серікұлы соқыр және көру қабілеті нашар балаларға арналған интернаттан қашып кеткені есімізде.

Шығар алдында ол анасына хат қалдырып, өзіне «ешкім сенбейді» деп шағымданды. Баланың анасы ұлының қорқытуға ұшырағанын және мұғалімдер мен мектеп-интернат басшылары бұл туралы білген деп мәлімдеді.

Кейінірек, 11-і күні, бала әпкесінің үйінен табылды. Дамир Серікұлы анасы мен балалар омбудсмені Аружан Саинмен бірге мектеп-интернат басшылығын босатуға күш салғанын айтты. Сондай-ақ ол асылып қалғысы келгенін, бірақ барлық шатырлар жабық болғанын  мойындады.

STAN.KZ
Сейсенбі, 24 Желтоқсан, 2019 14:25
Талқылау