Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы видеоға түсіп қалды (видео)

Алматы облысында Lexus көлігімен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі жансақтау бөліміне жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде Алматы облысындағы Гүлдала ауылының маңында Lexus көлігі, мотоцикл және автобустың қақтығысуы салдарынан болған жол апатының видеосы тарады. Кадрларда көліктердің арасынан өтіп бара жатқан мотоцикл жүргізушісінің Lexus көлігімен соқтығысып, мотоциклден ұшып түскені көрсетілген. Олардың соңынан келе жатқан автобус құлаған адамды айналып өтпек болған. Алайда жәбірленуші қоғамдық көлік дөңгелектерінің астында қалған. 

Қазіргі таңда жарақат алған мотоциклші жансақтау бөлімінде жатыр. Көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. 

Алматы облысының полицейлері апаттың мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.

"Аталған көлік жүргізушісінің тұрған жерін анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық бұзушы қолданыстағы заңнама бойынша жауапкершілікке тартылады. Басқа да мәліметтер алдағы уақытта ұсынылады", - деді полиция.

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы жарақат алған мотоциклшінің жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.

Талқылау