Алматыда ұшақ апатында көз жұмған пилоттың анасы: Ұлым "Мараттан айырылып қалдық" деп жылап келді

Алматы маңында құлаған «Бек Эйр» әуе компаниясына тиесілі «Фоккер 100» құлап, 12 адам қаза болды. Апаттан пилот Марат Мұратбаев та көз жұмған еді. Ұлының өлімі жайлы анасы пікір айтты. 

Алматыда ұшақ апатында көз жұмған пилоттың анасы: Екінші ұлым

Бұл туралы Qazaqstan арнасының "Апта" бағдарламасында айтылды.

Марат Мұратбаевтың артында жары мен екі баласы, 80-ге таяған қарт анасы қалды. Бұл ұшқыштың көкке соңғы самғауы болатын. 

"Келінім мен осы үйдегі балам Талғат екеуі келе жатыр екен. "Талғат, сен естідің бе, Бек Эйр ұшағы апатқа ұшырапты. Біздің Марат сонда істемей ме дедім. Сонда балам мені бас салып құшақтады. Мараттан айырылып қалдық деп", - деп көз жасына ерік берді анасы Кермағыз Мұратбаева. 

Ана үшін ұлының естелігін айтып, қазасын көруден артық қайғы бар ма? 

Енді Кермағыз Мұратбаева тергеудің ашық өтіп, шешімнің әділ шыққанын қалайды. Ұлының қандай жағдай болмасын дұрыс әрекет еткенінен ана жүрегі сенеді. 

"Енді әділ шешім шықса деп ойлаймын. Жазда үш ай Африкада болып келді ұлым. Әулеттің мақтанышы ғой",  - деді қарт ана.

Естеріңізге салайық, жаңа жыл қарсаңында Алматы маңында «Бек Эйр» әуе компаниясына тиесілі «Фоккер 100» ұшағы құлап, 12 адам қаза тапты. Опат болғандардың арасында экипаж командирі де бар. Апатқа қатысты бірнеше болжам айтылғанымен, нақты себебі әлі анықталған жоқ. Тергеу, тексеру жұмыстарымен арнайы құрылған үкіметтік комиссия айналысып жатыр.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның қай аймағында ауа ластануы басым екенін экология министрлігі айтты

Павлодар облысы ауа ластауда алдыңғы қатарға шықты

"Какой у тебя род? Кто твои родственники?". Какие вопросы задают казахи на первом свидании

Павлодарда жолаушы қызды зорлаған көлік жүргізушісі сотталды

Үш жарым жыл жаза кесіп, жәбірленген қызға миллион теңге моральдық өтемақы төлеуі тиіс. 

Қытай Қазақстанға өз азаматтарын Уханьнан эвакуациялауға рұқсат бермеді

Қазақстан Қытайға өз азаматтарын еліне қайтару мүмкіндігін сұрап хат жолдаған болатын.

Алматыда депутатты тонап кетті: Серік Күдебаев полицейдің әрекеті үшін кешірім сұрады

Қазір қылмыс орны бақыланып жатыр

140 мың теңге үшін: Ақтөбе күйеуі әйелін өлтірген қылмыскерлерді өмір бойына сотталуды қалайды

Әйелдің артында күйеуі мен үш баласы қалды

Қазақстанда шетелдік нөмірлі көліктерге сары белгі ілінеді

18 санмен сары түспен көрсетіледі

"Мен сені сүйемін": Бүркіт Аишаны туған күнімен құттықтады

Әнші желіде жүрекжарды жазбасын арнады

Анасы жаңа туған нәрестені кір жуғыш машинаға салып жуып тастады

Әйелдің күйеуі полицияға жүгінді

Доллар қайта қымбаттай бастады

Жұмадан бері доллар 1,62 теңгеге қымбаттады
Çàãðóçêà...