Алматыда тәркіленген элиталы жылжымайтын мүлікті сатуға шығарған бұрынғы вице-министр сотталды
Алматыда сот қала әкімінің бұрынғы орынбасары Ілияс Өсеровке қатысты үкім шығарды. Ол бұрын тәркіленген бес элиталы жылжымайтын мүлікті арзандатылған бағамен сатуға көмектесіп, мемлекетке 819 млн теңге шығын келтірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Cурет primeminister.kz порталынан алынған
Ілияс Өсеров бұған дейін Ұлттық экономика вице-министрі қызметін де атқарған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оны сәуір айында ұстаған. Іс материалдарына сәйкес, ол аса ірі көлемде алаяқтыққа көмектескен. Бұрын тәркіленген элиталы жылжымайтын мүлікті сатуға шығарған.
Бұл алаяқтық әрекетіне бойынша ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті бастығының бұрынғы орынбасары полковник Талғат Мұханов, қалалық қаржы бөлімінің бұрынғы басшысы Айнұр Құдайбергенованың да қатысты болып шықты.
Сот Өсеровті кінәлі деп танып, бес жылға жалпы режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шығарды. Мұханов сегіз жыл, Құдайбергенова бес жыл осындай мекемеде жазасын өтейді.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ