Алматыдағы “Москва” сауда орталығында өрт шықты (видео)
Алматыда "Москва” сауда ойын-сауық орталығында өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин
Өртеніп жатқан сауда ортылығының видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Куәгерлердің айтуынша, өрт дабылы жарияланған соң сауда орталығы ғимаратынан барлық адамдар эвакуацияланған.
Ақтөбеде өртенген трансформатордың ішінен адам денесі табылды
Төтенше жағдайлар департаменті жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.
"Алматы өрт сөндірушілері Әуезов ауданындағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінің шатырында ауа тартқыш құбырының электр қозғалтқышының жануын оқшаулады”, – делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда отшашу атқандар көршісінің үйін өртеп жібере жаздағаны туралы жазған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген