Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда мысықтардың басын шауып қоқан-лоқы жасаған ер адам өзіне қол жұмсады

Алматыда жануарларға деген қатыгездігімен танылған Роман Чекмарев есімді тұрғын суицид жасады.

Алматыда мысықтардың басын шауып қоқан-лоққы жасаған ер адам өзіне қол жұмсады

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Белгілі болғандай, ер адам 6 тамызда өзіне қол салған. Полиция оның өлімін растады. 

«Оның өлімі тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелді. Чекмарев суицид жасаған», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. 

Бұған дейін ер адамның үйі өртеніп кеткен еді.

Еске сала кетсек, өткен жылдың қыркүйек айында ер адам өзінің «ВКонтакте» желісіндегі парақшасында мысықтардың шабылған басы түсірілген видеоны жариялап, желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Видеода Карина есімді қызға үндеу жасаған Чекмарев неліктен мысықтарға мұндай сұмдық әрекет жасағанын түсіндірмек болады. Артынша ер адам полицейлердің тарапына бейәдеп сөздер айтқан. Мұнан кейін аталған видеожазба өшірілді. 

Талқылау