Алматыда күшейтілген карантинде түнгі клуб жұмыс істеген: 150 адамға айыппұл салынды
Алматыда түнгі клубтың жұмысын мониторингтік топ жауып тастады. 150-ден астам адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Медеу ауданының мониторингтік тобы 21 наурызда сағат 23.30-да Құрманғазы көшесі, 25 мекенжайы бойынша орналасқан boom Bar (бұрын The Artist атауымен белгілі болған) түнгі клубқа келгендерді ұстады.
Бұл нысан қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысын бұзды. Мониторингтік топ келген кезде мекемеде шамамен 150-170 адам болған. Жұмыс режимін бұзумен қатар, адамдардың көп жиналуына тыйым салу, маска режимі, әлеуметтік қашықтық сияқты эпидемиологиялық талаптардың сақталмауы тіркелді.
Заңды және жеке тұлғаларға әкімшілік бұзушылық және айыппұл салу туралы хаттамалар жасалады.
Талқылау

"Түрің түрмеден шыққан адам сияқты": Қоғамдық көлікте ер адамның қазақстандық арудың сырт келбетіне тиіскені желідегілердің ашуын туғызды (видео)
Заңгер мұндай ескертулер біреудің ар-намысына тисе, шағымдануға болатынын айтты

Freedom Bank-тен кешбэк алып жүрген қазақстандықтар декларация тапсыруға міндеттеледі
Банк клиенттерінің көбі кешбэк үшін декларация тапсыратынын білмеген