Алматыда коронавирустан кейін қай жерде тегін реабилитациядан өтуге болады

Алматыда COVID-19 инфекциясымен ауырғаннан кейін қалалық емханаларда ашылған оңалту бөлімдерінде тегін реабилитация өтуге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

4-қалалық емханада медициналық оңалту бөлімі бар. COVID-19 пандемиясына байланысты қазіргі уақытта науқастар үшін оңалту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бұл туралы аурухананың бас дәрігері Зухра Умарова айтып берді.

"Реабилитация дегеніміз - адам денсаулығына байланысты, хирургиялық операциядан кейін, созылмалы ауру, жарақат салдарынан күнделікті өмірде функционалдық шектеулерге тап болғанда өте маңызды шаралар кешені. Біздің орталық барлық жастағы адамдарға күнделікті іс-әрекеттерін жалғастыруға немесе қалпына келтіруге мүмкіндік беретін оңалту қызметтерін ұсынады", - дейді дәрігер.



Оттегі терапиясы, арнайы дренажды массаж, тыныс алу жаттығуларының кейбір әдістері, физиотерапиялық жаттығулар коронавируспен ауырып шыққан науқастар үшін өт маңызды. Алматыда ашылған оңалту орталығына коронавируспен ауырып, емделіп шыққан кез келген науқас бара алады.

"Бізде мықты кәсіби команда бар. Мақсатымыз - зақымдалған функцияларды максималды қалпына келтіру болып табылады. Қазіргі уақытта коронавирусқа шалдыққандарды қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз", - дейді 4-қалалық емхананың бас дәрігері Зухра Исмаилқызы Умарова.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр