Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ер адам 2 жасар баланы аяусыз соққыға жыққан

Алматыда 2 жасар баланы соққының астына алған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желіде 2017 жылы туылған сәби қазіргі уақытта №1 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылғаны туралы жазба жарияланған. 

"Баланың қабырғалары сынған және гематомалары бар. Анасы, К. өзімен бірге тұратын М. баланы қалай аяусыз ұрғаны туралы әңгімелеп берді. Екі қабырғасын сындырғанын айтқан. Алайда, құқық қорғау органдарына жүгінеміз дегенде анасы баласын алып қашып кеткен. Қазір келіншек табылды", - делінген жазбада. 

Қалалық полиция бөлімі баланы ұрған ер адам ұсталғанын хабарлады. Жас баланы ұру фактісі бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. 

"Үш жасқа толмаған сәби мен оның анасының кім екені анықталды. Бала қазіргі таңда ауруханаға жеткізілген. Ол дәрігерлердің бақылауында. Жарақаттың ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындады", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Қылмыс жасады деген күдікпен 1988 жылы туылған сәбидің анасының көңілдесі болған М. ұсталды. Оның әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігі бойынша сараланған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Ал денсаулық сақтау басқармасы нәрестенің қабырғасының сынуы расталмағанын атап өтті.

Талқылау