AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Димаш Құдайбергеннің концертіне сатылым қарқынды жүруде

2022 жылдың 23 қыркүйегінде Димаш Құдайберген Қазақстандағы ең үлкен және аты аңызға айналған спорт ғимараттарының бірі - Орталық стадионда "STRANGER" атты үлкен жеке концертін өткізеді. 

"STRANGER" концерті әлемнің түкпір-түкпірінен әртіс шығармашылығының жанкүйерлері жиналатын ең жарқын және ауқымды әлемдік шоулардың бірі болады. 

Димаштың Алматыдағы алғашқы жеке концертін тек алғашқы 15 минутта ғана тағатсыздана күткен әлемнің 36 елінің Dears жанкүйерлері билеттерді сатып алған. Алғашқы 3 күнде стадион трибунасына билеттің 80 пайызы сатып алынды. Сондықтан әртістің ерекше дауысын тірідей естігісі келетіндердің барлығы билеттерді сатып алуды кейінге қалдырмауды сұраймыз.

Көрермендерді ультразаманауи шоу күтуде, онда баршаның сүйіп тыңдайтын композицияларымен қатар, жаңа туындылар да шырқалады! 

Димаш Құдайберген-Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Орындаушының есебінде вокалдық байқаулардағы жеңістердің саны бірталай. 

Әртістің мансабындағы ең әйгілі 2017 жылы Қытайда өткен "I am Singer" байқауы болды. Аспан асты еліндегі вокалдық шоудағы табыс Димаш Құдайберген үшін бүкіл әлемде зор мүмкіндіктер ашты. Осыдан кейін қазақстандық орындаушы Нью-Йорктегі әйгілі BARCLAYS аренасында Еуропада, Азияда, сондай-ақ АҚШ-та үлкен стадиондарында концерттер берді. 

Қазіргі уақытта Димаш үлкен халықаралық сыйлықтардың, соның ішінде MTV Global Music Awards-тың 30-дан астам наградасының иегері болып табылады, онда "Үздік халықаралық әнші" номинациясын жеңіп алды.

Димаш Құдайбергеннің Алматыдағы концертіне билеттерді Ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр