Алматыда автобустың неліктен өртенгені айтылды
Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті автобустың неліктен өртенгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"4 маусым күні Медеу ауданындағы Назарбаев даңғылының бойында автобус өртенді. Тексеру нәтижиесіне сәйкес, өрттің шығуына газ жүйесінің істен шығуы себеп болған. Жүргізуші мотордың отқа оранғаның дер кезінде анықтап, салондағы 6 жолаушыны эвакуациялау бойынша шаралар қабылдады", - деді Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары Арман Байгелов онлайн-брифинг барысында.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір апта бұрын Алматы көшелерінің бірінде автобус өртеніп, жүргізуші қолын күйдіріп алды.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ