Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда автобус бес көлікке соқтығысты: Зардап шеккендер бар

Фото: Видеодан скрин

8 маусым күні Алматының Түрксіб ауданында автобус бес көлікке соқтығысып, салдарынан алты адам медициналық көмекке жүгінді. Жол апаты кезінде түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желіде тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жеке тасымалдаушыға тиесілі “Yutong” маркалы автобустың жүргізушісі Сейфуллин даңғылымен солтүстік бағытта келе жатып, Кассин көшесімен қиылыста тізгінге ие бола алмай жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Салдарынан Hyundai Tucson, Hyundai Accent, Lexus, Mitsubishi Outlander және Chevrolet Cobalt автокөліктері зақымданды.

Жол апатынан алты адам зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінді. 


Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады (видео)


5 жасар қызды қағып өлтірді: Жетісу облысында мас жүргізушіні сот босатып жіберген


Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша Түрксіб ауданы полиция басқармасының қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Петропавлда екі көлік соқтығысып, төрт адам тірідей жанып кеткен еді.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 09 Маусым, 2025 14:42
Талқылау