AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда алабай көршілерінің көзінше әйелді талап тастады

Алматыда көшеде кетіп бара жатқан әйелді көршісінің иті талап тастады. Тайыншадай алабайдан зардап шеккен Айжан Бөлеева қазір ауруханада жатыр. Әйелдің аяқ-қолы мен бетінің сау тамтығы қалмаған. Ал көше ортасында адамға шап берген иттің қожайыны тек айыппұлмен құтылыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтарына сілтеме жасап. 

Екі күні бұрын Айжан үйінен шығып, жұмысына бара жатқан. Кенет алдынан алабай атып шығып, аяқ-қолына жармасыпты. Артынша төбет әйелдің үстіне шапшып, талап тастаған. Қайта иттің иесі мен көршілері көмекке келіп, аман қалыпты. Қазір иттен зардап шеккен келіншек қаладағы ауруханалардың бірінде ем қабылдап жатыр. 

“Айқайлаған жан ұшыра. Сол кезде ана жердегі атай келген, мына кісі өзі шыққан. Сонымен әзер айырып алған. Жедел жәрдем шақырып, полиция келді. Ауруханаға ес-түссіз алып кеткен. Полиция ештеңе айтпайды”, – деді Айжан Бөлееваның анасы Қарлығаш Базарханова.

Айжанның өзі төбеттен әрең аман қалғанын айтады. Алабайдың азулы тістерінен денесі қанталап, ауруы жанына батып жатыр. Бірақ ит қожайыны тек отыз мың теңге айыппұл төлеп құтылған. Үш баламды жалғыз асырап отырмын деген әйел мұнымен келіспейді. Моральдық және материалдық өтемақы талап етеді. 

“Әрі қарай ем-дом, емделген ақшаның бәрін сіздер өтеп бересіз деп едім. Мен тек сенің емделіп жатқан ақшаңды ғана төлем беремін дейді. Учаскелік полицейге хабарластым. Хабар жоқ. Менен келіп, арыз шағым қабылдаған жоқ”, – деді  зардап шегуші Айжан Бөлеева.

Ал ит иесі Айжанға дәрі-дәрмек алып беріп, ем-домына көмектесемін дейді. Бірақ қалған шығындарын көтеретін мүмкіндігінің жоқ екенін кесіп айтты. 

“Енді Айжанға біз келістік. Оның жазылып кетуіне көмектесеміз дедік. Оның жазылуына күш саламын. Ем-домын өз мойныма аламын”, – деді көршісі Айгүл.

Ал заңгер Валерий Сухоруковтың сөзінше, мұндай жағдайда зардап шеккен тарап сот арқылы өтемақы талап етіп, тіпті қожайынды қылмыстық жауапкершілікке тартуға толық негіз бар.

“Ауыр, не жеңіл жарақат алған жағдайда да зардап шеккен адам өтемақы талап ете алады. Оны көбі білмейді. Сол сияқты төбеттің қожайындарын сотқа беру керек”, – деді заңгер  Валерий Сухоруков.

Адвокаттың айтуынша, қазіргі қолданыстағы заңға сүйеніп иттің қожайындарын қылмыстық жауапқа тартуға болады. Тек мұндай жағдайда заңгерлердің көмегіне жүгінуі керек

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр