Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 300-ден астам қыз ұйымдасқан қылмыстық топ үшін порнографияға түскен

Алматыда порнография таратумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топтың ұйымдастырушысы ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: видеодан алынды

Полицияның мәліметінше, ер адам порнографиялық материалдарды тарататын трансұлттық қылмыстық топ ұйымдастырып, 300-ден астам webcam-моделін пайдаланған. Сондай-ақ қылмыстық топ модельдік агенттіктің атын жамылып әрекет еткені анықталды. 

Жалпы Алматы полициясы ұйымдасқан қылмыстық топ құрудың 14 фактісін тексеріп жатыр. Оның төрт фактісі – трансұлттық ұйымдасқан топ құру және оған басшылық ету әрекеттері.

Сонымен қатар жедел бөлімшенің мәліметінше, жыл басынан бері 23 адамның қылмыстық әрекетінің жолы кесілген. Заңсыз айналымнан 52 атыс қаруы, оның ішінде 20 тапанша, 4 пулемет, 10 мылтықты қару, 7 шолақ мылтық, 11 кесілген шолақ мылтық, сондай-ақ 350-ден астам оқ тәркіленді. 

Сондай-ақ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кәмелетке толмаған балаларды сатудың 7, адам саудасының 1 фактісінің жолын кесті.

Талқылау