Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды

Алматы облысының Райымбек ауылында болған жарылыс салдарынан тағы бір адам қайтыс болды. Ол ауруханада ота жасалғаннан кейін көз жұмды, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

үй

1981 жылғы ер адам 31 тамызда жан сақтау бөлімінде қайтыс болды. Ол ауруханаға кома күйінде түскен. 

"Бізге екі адам келіп түсті. Бір науқас реанимация бөліміне, ал екіншісі - травматологиялық бөлімшеге түсті. Біріншісі ашық бас сүйек-ми жарақаты, ми соққысы және көптеген жара мен сынықтар алған. Нейрохирург кеңесінен кейін науқас бас сүйегінің трепанациясына алынды. Жасалған оталардан кейін де оның динамикалық көрсеткіштері тұрақсыз болды. Жүрек және өкпе жетіспеушілігі болды. Науқас өкпені жасанды желдету аппаратымен дем алған. Ол 20.20-да қайтыс болды", - деді Қарасай аудандық орталық аурухананың реаниматолог дәрігері Тұрар Ашмақын. 

Сондай-ақ, ол 1984 жылғы екінші ер адам травматологиялық бөлімнен реанимацияға ауыстырылғанын айтты. Оның жағдайы нашарлаған. 

"Ол жабық бас сүйек-ми жарақаты, ашық сынықтар алған, денесінің 15-20 пайызы күйген. Бет, кеуде қуысы, аяқтары күйген. Кеше сол аяғына ота жасалды. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты-ауыр. Динамикалық көрсеткіштер тұрақты. Емдеу консервативті", - деді дәрігер.

Еске салсақ, 31 тамызда сағат 12.20 шамасында Алматы облысындағы зауыттардың бірінде жарылыс болған. Мәліметтер бойынша, Қарасай ауданы Райымбек ауылында газ-бетон блоктарын өндіретін цехта жарылыс болған. Жоғары қысымдағы газбетонды блоктарды өндіру барысында автоклав жарылып, кейін цех жарылып, ғимарат бүлінген. Жарылыс салдарынан түтін мұржасының бір бөлігі жеке тұрғын үй секторының аумағына құлап кеткен.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Еліміздің үш облысында қатты жел соғып, найзағай ойнайды

Кейбір облыстарда ауа райы бұзылады

Қарағандыда әйелімен ұрсып қалғаны үшін 2 жасар қызының мойнына пышақ кезеген ер адам сотталды

Күйеуі қашып кеткен әйелін қайтару үшін қызын кепілге алған

Жамбылда төрт адам Сібір жарасын жұқтырған

Мал дәрігерлері кеселдің қайдан келгенін білмей жатыр

Медициналық сақтандыру: Енді жұмысшы жалақысынан 1 пайыз, жұмыс беруші 2 пайыз қаражат аударып отырады

Қай аурухана немесе емханада адам көп емделсе, соған қордан қаржы көбірек аударылады

"Олар не кеңес айтады" Досхан Жолжақсынов әкімнің кеңесшісі болған Мейрамбек Бесбаев пен Қыдырәлі Болмановты сынады

Актер: Бұл биліктің осалдығы

Тоқтар Төлешовтен 1,2 млрд теңге мемлекет пайдасына өндірілді

Бұл сома сот үкімін орындау аясында бюджетке түсті

Кей өңірде дауыл соғады: Алдағы күндердің ауа райы болжамы

Еліміздің үш аймағында дауылды ескерту жарияланды

Дәрігерлер көз жұматынын айтқан: Аз өмірі қалғанын естіген күйеу жігіт үйленуге асықты

Дәрігерлер жігітке екі жылдан кейін көз жұматынын айтты

«Тағдырдың сынағы болар, еш өкпем жоқ...»: Жанар Хамитованың өмірі (видео)

Әнші: 30 жасыма дейін өзіме 20 рет қол жұмсамақшы болдым

"30 жасыма дейін 20 рет өзіме қол салуға ұмтылдым": Марқұм Жанар Хамитова сұхбаттарында не айтты?

Әнші: "Бұл өмірде ештеңе бекерден бекер болмайды екен"
Çàãðóçêà...