Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында республикалық маңызы бар трасса жабылды

Алматы облысында бұрқасын салдарынан республикалық маңызы бар Үшарал - Достық трассасы жабылды. Төтенше жағдайлар министрлігінде, сондай-ақ "ҚазАвтоЖол" ҰК "АҚ-да басқа республикалық трассаларда істің қалай жүріп жатқаны туралы айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Демалыс күндерін елімізде ауа райы қандай болады

28 желтоқсан күні сағат 11.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар Үшарал-Достық автожолы барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды.

"ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ АОФ және "Қазақавтожол" ЖШС Алматы ҚҚ-ның хабарлауынша, сағат 11.00 - ден бастап қатты жел, боран, бұрқасын және жол көрінбейтіндіктен Үшарал-Достық автожолында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды", - делінген ТЖМ сайтында.

Құтқарушылар қазақстандықтарға осы бағытта жүруден бас тартуды және 112 қызметінің хабарламаларын ескеруді, сондай-ақ алыс жолға шығар алдында ауа-райын анықтауды ұсынды. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта бұл қозғалысы шектеулі жалғыз жол екенін мәлімдеді.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі де республикалық маңызы бар басқа трассаларда ешқандай шектеулер жоқ екенін атап өтті.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 28 Желтоқсан, 2020 11:54
Талқылау