Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрлық жасаған екі күдікті ұсталды

Алматы облысында ұрлық жасады деген күдікпен екі ер адам ұсталды. Олардан тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған ұялы телефондар мен компьютерлік техника тәркіленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полицейлердің мәліметінше, күдіктілер Іле ауданында полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлерінің бірлескен іс-әрекетімен ұсталған.

Төңкеріс ауылындағы қаңырап қалған үйлердің біріндегі қоймадан тәртіп сақшылары бұрын Алматыдағы дүкендердің бірінде ұрланған 36 ұялы телефон мен 13 ноутбук тәркіледі. Ұрланған тауардың құны шамамен 5 миллион теңгені құраған.

"Екі күдікті де 1986 және 1993 жылы туған жергілікті тұрғындар. Олар аудандық ішкі істер бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жақын арада ұсталғандар Алматы полициясына жеткізіледі", –  деп хабарлады департаменттегілер.

Бұған дейін ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қаңтар оқиғасы бойынша тергеу изоляторында 728 адам жатқанын хабарлаған болатын.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 21 Ақпан, 2022 20:07
Талқылау