Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында болған жол апатынан 4 адам тіл тартпай кетті

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Қарама-қарсы келе жатқан екі көлік бетпе-бет соқтығысып, жүргізушілері жолаушыларымен қоса қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

ЖКО

Оқиға Есік қаласының шыға берісінде болған. Алматыға қарай бет алған Nexia көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен. Содан өз жолымен келе жатқан басқа машинамен бетпе-бет соқтығысқан. Оқыс оқиғадан екінші көлік тоқтап үлгере алмай, екі көліктегі 4 адам да қаза болды. Төртеуі де жас жігіттер. Nexia-ның 27 жастағы жүргізушісі өзімен қатарлас екі жолаушысымен оқиға орнында жан тапсырса, ал Chevrolet Cruze-дегі 29 жастағы жігіт ауруханаға жеткенде көз жұмды. Полиция төрт бірдей азаматтың өмірін жалмаған апаттың себебін анықтап жатыр. 

"Түрткі болған барлық жағдайлар, себептер мен салдар, мәселен, көліктің техникалық ның салдарынан болды ма, әлде жол ережесін бұзу нәтижесінде болды ма, басқа фактор әсер етті ме, ол тергеуде анықталады", -деді Алматы облыстық ПД ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.

STAN.KZ
Бейсенбі, 21 Мамыр, 2020 06:42
Талқылау