Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында әскери тікұшақ жоғалып кетті

әскери тікұшақ жоғалып кетті

Фото: Қорғаныс министрлігі

Алматы облысы Жамбыл ауданы Тарғап ауылының маңында әскери тікұшақ радардан жоғалып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желіде  EC-145 әскери тікұшағының жоғалып кеткені туралы және онда үш экипаж мүшесі болғаны жайлы ақпарат тараған еді. 

Қорғаныс министрлігінің Әуе күштері бұл ақапаратты растады. Сондай-ақ іздеу жұмыстарына қосымша әуе кемелері жұмылдырылды. Жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. 

"Алдын ала мәлімет бойынша, бортта үш экипаж мүшесі болған. Қорғаныс министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары жұмылдырылып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіп жатыр", – деп мәлімдеме жасады Қорғаныс министрлігі.

Ведомство жағдайға қатысты кейін түсініктеме берілетінін атап өтті.


Ресейдегі ұшақ апаты: Жолаушылар тізімінде болған бір әйел аман қалды


“Алдын ала мәлімет бойынша, бортта экипаждың үш мүшесі болған. Қорғаныс және төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары жұмылдырылып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігінің өкілдері. 

Бұған дейін Ресейде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағаны туралы жазған едік. Бортта 49 адам болған. 

Айым Болатқызы
Жұма, 25 Шілде, 2025 15:30
Талқылау