Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әуежайына жолаушылардың шағымына байланысты айыппұл салынуы мүмкін

Халықаралық Алматы әуежайына санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы көліктің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы әуежайы жақын арада шетелдік компания иелігіне өтпек

Ол әуежайға жолаушылардан көптеген шағымдар түсетінін атап өтті.

"Мәселен, әуе жолаушыларының бірі Facebook әлеуметтік желісіне: "Алматы әуежайында адамдар толы перрондық автобусқа отырып, ұшаққа жетуге мәжбүр болды", деген хабар жіберді. Хабарлама фотосуретпен бірге жүрді", - деді Байғабылов.

Нәтижесінде, "Халықаралық Алматы әуежайы" АҚ-на қатысты анықталған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары әкімшілік кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады, ол 1600 АЕК (1,66 млн. теңге) айыппұл салуды қарастырады. 

Сонымен қатар, әуежай әкімшілігі санитарлық тазартқыш қондырғыларын орнатып, перрондық автобустарда әлеуметтік қашықтықты сақтауды белгіледі, тиісті қызметтер жолаушыларды толып кетпес үшін отырғызуды бақылауға алады.

"Егер басқа жолаушылар осындай жағдайға тап болса немесе Қазақстанның басқа әуежайларында шектеулі карантиндік талаптардың бұзылуына куә болса, мені Facebook-те белгілеңіз, біз тез арада жауап береміз немесе 87780127000 қоңырау шалыңыз", - деп толықтырды көлік дәрігері.

Ол әуежай басшыларын әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтауға, санитарлық тазартқыштарды тек терминалдарға ғана емес, перрондық автобустарға да орнатуға шақырды.
 

Талқылау