Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“All Давай” әншісі: Бар назарымды отбасыма аударып, сахнадан алыстаймын

Отыз бес жасқа жеткенше салт жүрген «Алл давайлық» Шоқан Маратұлының жүрегін жаулаған ару ақыры табылды. Бұған дейін тек мансабын ойлап келген әнші енді сахнадан алыстамақ. Ол бар назарын отбасыға аударуды көздеп отыр.

шокан маратулы суйіктісімен

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Шоу бизнестегі талай сылқыммен көңіл қосты деген ақпарат желдей ескенімен, Шоқанның өзі «жан жарым бұл әлемнен алыс болуы керек» дегенді жиі қайталайтын. Расында, олар бизнес аясындағы қызметтік кездесу барысында танысты! Келбеті келісті, мүсіні мінсіз хас сұлу әр жүздескен сайын өзіне еліткенін айтады, — сері. Анельдің қуыс кеуде еместігіне көз жеткізу мақсатында әбден сынаққа салған.

“Әдейі отбасы жайлы сөз қозғап, көзқарасын білуге тырыстым. Достарыммен таныстырып, өзін қалай ұстайтынына да қарайтынмын. Ақылды, байсалды, әр мәселеге өзіндік ойы бар болғаны үшін баурады. Мен 35 жасқа дейін шаңырақ көтеріп үлгеруім қажет деген мақсатым орындалды”, – дейді Шоқан.

Олардың махаббат отын маздатқанына небәрі бес-ақ ай! Дегенмен, аз уақыттың өзінде сарыла тосқан сол бір жалғыз жанды кезіктіргенін ұққан. Сондықтан да, бірден жүрегін ұсынуға бекінгенді. Бірақ, бұл қадамға дейін сері сүйіктісін анасымен таныстырып, болашақ қайын атасының алдынан өткен.

“Жастық шақта атаққа құмарттық, табынушыларым артса деген мақсат болды. Дәл қазір маған есейіп, бар назарымды жанұяға бағыттайтын кез жетті. Енді, мен бизнеске көбірек ден қойып, сахнадан алыстаймын. «Алл давайға» тепсе темір үзетін жас жігіттерді жинап, өзім продюсерлік етуде көздеп отырмын”, – дейді әнші.

«Етжақындарым мен жаныма жалау болған достарым арасында, шетелде той жасауды қалағанмын», — дейді. Дегенмен, дәстүрден аттап кете алмаған. Сондықтан, қазақи жөн-жоралғының бәрі топтастырлыған той жасамақ ниетте. Жақын күндері ғашығына сырға салып, құдаласу жоспарда. Ұлан-асыр тойды мамыр айына белгілеп қойыпты.

“Болашақ жарым да бизнесте жүргендіктен, оның ісін әрі жалғауына тосқауыл болмаймын. Дегенмен, оның бірініші кезекті отбасының жылулығын сақтап, бала тәрбиесімен айналысқанын қалар едім. Сол міндеттерді мінсіз атқарған соң ғана өзге іске мойын бұруына қарсы емеспін”, – деп ағынан жарылды Шоқан.

Сүр бойдақтар қатарын азайтқанына шын қуанған Шоқанның ендігі арманы — көпбалалы отбасының лайықты отағасы болу.

Есте болса, Шоқан қаладағы кинотеатрлардың бірінде сүйіктісіне жүрегін ұсынған болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Мейрамбек Бесбаевтың өмірлік ұстанымдары

Брэд Питт актриса Сиенна Миллермен кездесіп жүр

Дінтанушы: Мешітте той жасаған Қарақатты аяймын

Ет және ботқа: Айсәуле сүйікті жануарына ханзаданың асын береді

Талқылау