Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлішер Кәрімов Айжан Нұрмағамбетованің көйлегін киіп биледі (видео)

Әлішер Кәрімов пен Айжан Нұрмағамбетова көптен қалмай челлендж жасады. Желіде тез тараған челленджді қос әншіден бөлек өзге де танымал жандар қайталап әлек болды. Ал, әйелдің көйлегін киген Әлішерді сынға алғандар қатары көп. 

"Көптен қалмайын деп шештім. #fliptheswitch челленджін біз де жасауға тырысып көрдік. Айжан Нұрмағамбетова екеумізге баға беріңіздер", - деп жазды Кәрімов парақшасында. 

Челлендж талабына сай қос әнші бір-бірінің киімін киіп билеп шықты. 

Желі қолданушыларының бір тобы екі әншіге жақсы баға беріп, позитивті челлендж деп бағалады. 

"Сіздер тыңдарманның көңілін қашанда көтеріп жүресіздер. Әрдайым осы қалыпта болсаңыздар", "Көңілім көтеріліп, бір күліп алдық", "Сіздерге рахмет, көңіл әрдайым жас", - деп жазды.

Енді бірі екі әншіні де жерден алып, жерге салды. 

"Екеуіне де жараспайды. Өз беделіне сай емес. Әйелдің киімін кию сән бе? Нұрмағамбетова да қалыспайды. Әнші болған соң өз биігінде қалу керек", - деді желідегілер.

Челенджі дәл осылай қайталағандар да, өз ыңғайына келтіріп жасағандар да бар. 


Тағы оқыңыз:

"Қазір тек амандасып тұрамыз": Әлішер Кәрімов өзі құлай сүйген аруы жайлы айтты

Әлішер Кәрімов: Менің төсегімде әрдайым әртүрлі адамдар болады


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр