Әлеуметтік желіде жиі кететін қателіктер

Қазіргі таңда не көп, байланыс құралдарының түрі көп. Соның ішінде, мессенджерлердің түр-түрі бар. Ол бір жағынан жылдам хабар алмасуға таптырмас құрал болса, екінші жағынан халықты сауатсыз жазуға әкеліп жатыр. Әрине, көпке топырақ шаша алмаймыз. Бірақ қоғамда осы проблеманың бар екені рас. Бүгінгі материалда жиі жіберілетін қателерге шолу жасаймыз. 

Қарап отырсақ, бұл сөздердің барлығының дұрыс жазылу емлесімен мектеп қабырғасында жүргенде-ақ таныстық. Бірақ әлі күнге дейін қателесушілердің саны көп. Сондықтан осындай сөздерді жиып-теріп беріп отырмыз.

1. Келісім білдіргенде «Иә» демей, «Я, иа, ия, йа» деген сияқты түрлі нұсқада жазады. Дұрысы - «иә». 

2. «Дейді» деген сөзді қысқартып, «дид» деп жазатындар да көп. Дұрысы – «дейді».

3. «Ғой, қой» шылауларын «ғо, қо» деп жазатындар баршылық.  Дұрысы – толық жазу. 

4. «Жатырмын, тұрмын» деген сияқты 1-жақта тұрған етістіктерді «жатырм, тұрм» деп қысқартып жазушылар көп. Дұрысы – толық жазу

Мән бермей жүрген сөздердің өзі сізді қате жазуға дағдыландыруы мүмкін. Сондықтан асығыс жаза салудан, мән бермеуден сақтанғаныңыз жөн.

Біз, Stan.kz редакциясы, қазақстандықтар қазақ тілінде сауатты жазып, сөйлегенін қалаймыз. Осы орайда, "Таза тіл" шығарылымдар сериясын жарияладық.

Қазақ тілінде сөйлеуде тағы қандай сәттерде қиындық туындайды? Адамдар қай кезде жиі қателеседі? Егер сауалдарыңыз болса, келесі форма арқылы бізге сұрақ жолдаңыз

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр