Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең қарт әйел 120 жасында қайтыс болды

Жапонияның Фукуока қаласында жер бетіндегі ең қарт әйел Канэ Танака қайтыс болды, деп хабарлайды

Nishinippon Shimbun газетінің қала билігіне сілтеме жасап хабарлауынша, ол 119 жаста болған.

Канэ Танака 1903 жылы 2 қаңтарда орыс-жапон соғысының басталуына аз уақыт қалғанда дүниеге келген. Ол отбасылық дүкенде жұмыс істеді, онда күйеуі екеуі шируко мен удон кеспесін, сондай-ақ күріш торттары мен тәттілерді сататын. Оның ұзақ өмір сүруінің құпиясы (оның төрт баласы болды)  дұрыс ұйқы және диетада деп атады.

Өмірінің соңғы жылдарында әйел қарттар үйінде тұрып, қызметкерлермен ым-ишарамен сөйлесіп, уақытын есептеу тапсырмаларын шешуге арнады.

Бұған дейін Испания тұрғыны Сатурнино де ла Фуэнте Гарсия әлемдегі ең қарт адам атанып, Гиннестің рекордтар кітабына енгені белгілі болды. 2021 жылы 10 қыркүйекте оның жасы 112 жас 211 күн болды.

Мөлдір Төлебай
Дүйсенбі, 25 Сәуір, 2022 13:20
Талқылау