Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әлем чемпионы атанатыныма сенемін": Деревянченко Головкинмен реванш өткізгісі келетінін мәлімдеді

Таяуда төрешілердің шешімі бойынша Геннадий Головкиннен жеңіліс тапқан украиналық боксшы Сергей Деревянченко мәлімдеме жасады. Ол Головкинмен реваншқа ғана емес, сонымен қатар «Канеломен» жұдырықтасуға дайын екенін айтты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BoxingScene басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Мен реванш болғанын қалаймын және оны бүкіл әлем көргісі келетініне сенімдімін. Бұл Головкиннің соңғы жылдардағы ең бәсекелі жекпе-жегі болды. Келесі жолы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанатыныма нық сенемін», - дейді Деревянченко. 

Украиналық боксшының сөзінше, жекпе-жек бокс жанкүйерлеріне қызықты болады. Сондықтан сұранысқа ие болады, дейді,

«Менің промоутерлерім мен менеджерлерім қарымта кезесудің өтуі үшін табанды жұмыс істейтін болады», - дейді боксшы. 

Сонымен қатар ол мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасуға қарсы еместігін жеткізді.

«Егер реваншқа қол жеткізу мүмкін болмаса, «Канело» Ковалевпен кездескеннен кейін, онымен жұдырықтасқым келеді. Бұл жекпе-жекті бұған дейін өткізуім керек еді. «Канеломен» жекпе-жекті қабылдаймын деп сенемін. Себебі орта салмақ дәрежесінде өзге ешкім жұдырықтаса алмайды», - дейді Деревянченко. 

Сондай-ақ, ол  Джермалл Чарломен кездесуге де дайын екенін жеткізді.

Еске сала кетсек, 6 қазанда Головкин украиналық боксшы Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізіп, жеңіске жеткен еді. Ол екі чемпиондық белбеуді иеленді.

Талқылау